Қаржы министрлігі бизнеске жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіреді

Қаржы министрлігі бизнеске жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіреді

2026 жылғы қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі Қазақстанның салық жүйесінің ашықтығын арттыруда стратегиялық маңызға ие. Құжат салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге, салық салуда әділеттілікті күшейтуге және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігі еліміздің барлық өңірінде жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін қолжетімді әрі түсінікті түрде түсіндіруді мақсат еткен ақпараттық науқанды бастады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап. 

Ақпараттық науқан әкімдіктер мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Алғашқы түсіндіру кездесулері Абай облысынан басталды. Бұл өңір дамудың оң динамикасын көрсетуде: мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер жоспары 106%-ға орындалған      (244,8 млрд. теңге жоспарда 259,7 млрд. теңге түсті). Абай облысының экономикасы ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және энергетика салаларына негізделген.

Семей қаласында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері егжей-тегжейлі таныстырылды. Іс-шара барысында жаңартылған салық ережелерін күнделікті қызметте қалай қолдануға болатыны жөнінде практикалық түсініктемелер берілді. Қосылған құн салығын, корпоративтік және жеке табыс салығын есептеу мен төлеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қатысушылар шағын және орта бизнес үшін салық салудың ерекшеліктерін, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету және бюрократиялық кедергілерді азайту шараларын қоса алғанда салық салу саласындағы ең маңызды жаңашылдықтар туралы толық ақпарат алды.

«Салықтық реформа бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендетеді. Мәселен салықтық нысандар саны 36-дан 25-ке дейін қысқарды (–30%), ал салық түрлері 45-тен 36-ға дейін азайды (–20%). Есептілікке жұмсалатын уақыт жылына 280 сағаттан 200 сағатқа дейін қысқарады (–30%). Біз салықтық әкімшілендіру барынша ашық, түсінікті және ауыртпалығы аз болуы үшін ұмтыламыз. Бұл кәсіпкерлік қызмет жүргізу үшін аса қолайлы жағдай жасайды және бизнесті көлеңкеден шығаруға ықпал ететін болады», - деп атап өтті ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Кездесу соңында өзекті сұрақтарға толық жауап берілді, бұл өзара түсіністікке негізделген мазмұнды диалог пен тиімді пікір алмасуға ықпал етті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Вице-министр Аманғали Бердалиннің төрағалығымен ветеринариялық қауіпсіздік пен Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының барысы жөнінде кеңес өтті, деп...

2025 жылғы 1 тамызда Ақтау қаласында 2026 өңірлік экологиялық саммитіне дайындық бойынша Орталық Азия елдерінің экологиялық ведомстволары...