Бірлік – Қазақстан дамуының тұғырлы тірегі

Бірлік – Қазақстан дамуының тұғырлы тірегі

Қазақстан – бірлік пен келісімнің берік үлгісін қалыптастырған мемлекет. Еліміз Тәуелсіздік жылдарынан бері этностық әртүрлілікті әлсіздік емес, керісінше, артықшылық деп танып, оны стратегиялық ресурсқа айналдырып келеді. Бұл – дана саясаттың, көреген ұстанымның, ең бастысы, халықтың өзара түсіністікке, бейбіт өмірге деген ұмтылысының нәтижесі.

Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі, 17 конфессия өкілдері бейбіт әрі тату өмір сүріп жатыр. Әр этнос өзінің мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтай отырып, ортақ құндылықтар аясында біртұтас азаматтық қоғам қалыптастыруға үлес қосып келеді. Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған әділетті Қазақстан бағытының нақты көрінісі.

Бірлік – қоғамның басты капиталы. Ол заңмен емес, адам жүрегіндегі құрметпен, жауапкершілікпен өлшенеді. Осы құндылықты сақтай отырып, біз ел болашағын жарқын етеміз. Себебі бірлік бар жерде тұрақтылық, ал тұрақтылық бар жерде даму бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданында экологиялық жағдайды жақсарту,...

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы берген халықаралық автокөлік өткізу пункттерін реконструкциялау жөніндегі тапсырмалардың орындалу...