Шымкент қаласының білім басқармасы 2025 жылғы 13 тамыз күні сағат 10:00-де жас мамандарға арналған «BilimQadam-2025» бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас педагогтер мен білім беру ұйымдары арасында тікелей байланыс орнатуға ықпал ету, сондай-ақ жұмысқа орналасуға қолдау көрсету.
Жәрмеңке аясында жалпы орта, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары бойынша түрлі пәндерден бос жұмыс орындары ұсынылады. Қатысушылар білім беру ұйымдарының өкілдерімен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, педагогтарды ұлттық білім беру деректер қорының HR жүйесіне тіркеу бойынша кеңес беріледі. Жәрмеңке барысында жас мамандарға қажетті ақпараттар мен әдістемелік жадынамалар ұсынылады.
Маңызды ақпарат ретінде атап өтетін жайт – GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары, сондай-ақ педагогикалық сертификаттаудан өткен түлектер конкурссыз негізде жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Жәрмеңкеге қатысушылар өзімен бірге келесі құжаттарды ала келуі қажет:
• Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ);
• Жеке түйіндеме;
• Диплом мен қажетті құжаттардың көшірмелері.
Іс-шара Шымкент қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 12 мекенжайында орналасқан Көрме орталығында өтеді.
«EduQadam» – жас мамандарға арналған кәсіби мүмкіндіктер алаңы.
«BilimQadam-2025»: жас мамандарға арналған жаңа мүмкіндіктер
