Қаланың тазалығы – күнделікті қатаң бақылауда

Қаланың тазалығы – күнделікті қатаң бақылауда

Түркістан қаласы әкімдігі қаланың санитарлық тазалығын күнделікті жүйелі қамтамасыз етіп келеді.

Тазалық жұмыстары таңғы сағат 07:00-де басталып, әр қызметкер өзіне бекітілген аумақта аулаларды сыпырып, тұрмыстық қалдықтарды жинайды. Жұмыс барысын қадағалау үшін арнайы бригадирлер мен техникалар тағайындалған.

Қала аумағында барлығы 875 көше, жалпы ұзындығы 845 шақырым жол санитарлық тазалаумен қамтылған. Оның ішінде бірінші кезектегі 30 көше күн сайын тазаланса, екінші кезектегі 120 көше аптасына 2–3 рет, ал үшінші кезектегі 725 көше бекітілген кестеге сәйкес тазаланады.

Сонымен қатар, қаладағы алты сектор бойынша ішкі орам көшелерін жеке кәсіпкерлер белгіленген кестеге сәйкес тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ