2025 жылғы 22 тамызда мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Отырысқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның, «KAZENERGY» қауымдастығының, салалық кәсіподақтардың, «ҚМГ» ҰК» АҚ, ТШО, НКОК, КПО және басқа да ірі мұнай-газ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Салалық кеңестің отырысында келесі мәселелер қаралды:
- салалық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы;
- салалық кеңестің 2025 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес кәсіптік стандарттарды бекіту барысы туралы;
- 2026 жылға арналған мұнай-газ саласының КС бойынша жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА), біліктілік анықтамалығының (БА), ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының (ЛҮБС) қызметін талдау туралы.
Кәсіптік біліктіліктің сапасын арттыру және стандарттарды саланың технологиялық даму және орнықты өсу талаптарына сәйкестігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыста Қазақстанның мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химиясы салаларында кәсіби біліктілікті дамыту және жақсарту үшін талқыланатын тақырыптардың маңыздылығын атап өтті.
Мұнай-газ саласының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін кәсіби біліктіліктің тиімді жүйесін қалыптастыруда мемлекеттік органдардың, бизнес пен білім беру қоғамдастығының жоғары өзара іс-қимылы атап өтілді.
КС бекіту бойынша жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта КС КБҰО қорытындысын алды.
Компаниялар осы бағытта да белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді және 2026 жылға арналған жоспар үшін кәсіптерге басымдық беруге кірісті.
ҚР Білім Министрлігінің өкілі Гүлвира Ошақбаева Салалық кеңестің белсенді мүшелеріне кәсіптік біліктілік жүйесін дамытуға қосқан үлесі және кеңес қызметіне белсенді қатысқаны үшін «Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаттарын» табыс етті.