Жылыту маусымына дайындық: Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы энергетика нысандарын жаңғырту барысы тексерілді

Жылыту маусымына дайындық: Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы энергетика нысандарын жаңғырту барысы тексерілді

Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді түрде тексеруді жалғастырып келеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында үкіметтік жұмыс топтары энергетика және ТКШ нысандарын тексеруде.

Премьер-министрдің кеңесшісі Нұрлан Ұранхаев Ақмола облысының Степногорск қаласында ЖЭО жұмысымен, сондай-ақ тозуы 71%-дан асатын жылу желілерін жөндеу және реконструкциялау барысымен танысты. Жоспарланған жұмыстар жүргізілгеннен кейін тозу деңгейі 68%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Ал Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан облысында «Жайықжылуэнерго» АҚ-ның алдағы маусымға дайындығын тексерді. Сондай-ақ Орал қаласындағы сорғы стансасы мен су қоймасының құрылысы және өңірдегі электр желілерінің реконструкциясы қалай жүріп жатқаны тексерілді. Бүгінгі таңда облыста 1410 әлеуметтік нысан және 2041 көппәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын.

Алдағы жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында тұр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...