2025 жылы Шымкент қаласы аумағында көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС тарапынан жыл соңына дейін 26 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Аталған үйлер Әл-Фараби, Тұран және Еңбекші аудандарында орналасқан.
Бүгінгі таңда Әл-Фараби ауданы бойынша 5 көпқабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Олар: Күншығыс (Восток) мөлтек ауданындағы №25 және №37 үйлер, 17 мөлтек ауданындағы №9/А үй, Рашидов көшесіндегі №25/Б үй және Жангельдина көшесіндегі №18 үй.
Жыл соңына дейін қалған 21 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Оның ішінде:
– Әл-Фараби ауданында – 15 үй (Володарский көшесі №9, 16 мөлтек ауданындағы №9, №40, №41, №23 үйлер, Күншығыс мөлтек ауданындағы №8, №108А және №23 үйлер, Жангелдин көшесі №22А, Сайрам көшесі №12, 18 мөлтек ауданындағы №18, №24, №59 үйлер, 17 мөлтек ауданындағы №17 үй, Сайрам мөлтек ауданындағы №6 үй)
– Еңбекші ауданында – 2 үй (Уалиханова көшесі №188, Елшібек батыр көшесі №118)
– Тұран ауданында – 4 үй (Отырар шағынауданы №41, А. Асқаров көшесі №32А, А. Байтұрсынов көшесі №67А, 4 мөлтек ауданындағы №21 үй)
Бұдан бөлек, қала аумағындағы 17 көпқабатты тұрғын үйде тозығы жеткен жедел сатыларды (лифтілерді) ауыстыру жұмыстары да жүргізіледі. Аталған лифтілер Әл-Фараби ауданында – 1, Тұран ауданында – 1, Қаратау ауданында – 15 үйде орналасқан. Бұл үйлердің қатарында Нұрсәт және Нұрсәт-2 мөлтек аудандарындағы бірнеше тұрғын үйлер мен Назарбаев көшесіндегі нысандар бар.
Барлық күрделі жөндеу және лифт ауыстыру жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.