Алматы облысында көкөніс пен жемістерді терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Алматы облысында көкөніс пен жемістерді терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Өңірде көкөніс пен жемістерді терең өңдеуге арналған заманауи зауыт салу бойынша жаңа инвестициялық жоба іске қосылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жобаның бастамашысы – қазақстандық «Qazaq Global Food JV» ЖШС.

Жоба аясында көкөніс пен жемістерді өңдеу саласындағы Түркияның ең ірі компанияларының бірі — Göknur Gıda компаниясымен Off-take келісімшарты жасалды. Серіктес кәсіпорынның алма шырыны концентратын және басқа да өнімдерін экспорттау бойынша стратегиялық оператор қызметін атқарады. Бұл келісім ұзақ мерзімді кепілді өткізу нарығын қамтамасыз етіп, қазақстандық өнімнің шетел нарықтарына шығуына кең мүмкіндіктер ашады.

Өңдеу қуаттарын дамыту жүйелі әсерге де ие: жаңа зауыт бәсекеге қабілетті нарықтың қалыптасуына, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ел ішінде жоғары қосылған құнға ие өнім өндіруге ықпал етеді.

Жобаның жалпы құны – 9,5 млрд теңге.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ