Атырауда XII Азаматтық форум өтті: ҮЕҰ-ны цифрландыру және жаңа даму мүмкіндіктері

Атырауда XII Азаматтық форум өтті: ҮЕҰ-ны цифрландыру және жаңа даму мүмкіндіктері

2025 жылғы 4–5 қыркүйек күндері Атырау қаласында «Азаматтық секторды цифрландыру: ҮЕҰ үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбында Атырау облысының XII Азаматтық форумы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Форум цифрлық трансформация жағдайындағы азаматтық қоғамның рөлін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Азаматтық альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдері қатысты.

Форум бағдарламасы аясында ҮЕҰ өкілдеріне арналған бірқатар оқу семинарлары өтті. Онда «Digital-State» тұжырымдамасы шеңберіндегі цифрлық құралдарды пайдалану, онлайн-донорлықтан смарт-фандрайзингке көшу, жасанды интеллект дәуіріндегі мүмкіндіктер мен қауіптер, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен деректерді қорғау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, форум аясында өңірлік ҮЕҰ-ның әлеуметтік жобалар және «Әлеуметтік бастамалар генераторының» көрмесі ұйымдастырылды. Мемлекеттік органдар, азаматтық сектор мен бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен пленарлық сессиялар тәжірибе алмасуға және нақты шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді.

Форум барысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова елімізде жаңартылған құрамдағы 263 Қоғамдық кеңес жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар цифрлық инфрақұрылымды дамыту бұл кеңестердің әлеуетін одан әрі арттыра түсетінін сөз етті.

Форум өңірдегі цифрлық бастамалардың дамуына тың серпін беріп, үшінші сектордың орнықты өсуі мен қоғаммен серіктестікті нығайтуда қосымша мүмкіндіктер ашты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ