Қазір еліміз бойынша 150 «Келешек мектебі» 145 583 балаға білім беруде. Оның ішінде 1-сынып оқушыларының саны - 18 452 бала, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, жаңа 2025-2026 оқу жылында 83 оқу ордасы жаңадан ашылды, оның 57-сі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептер. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған жоба аясында барлығы 217 «Келешек мектебі» ашылады деп жоспарланған.