Оның айтуынша, журналдың жаңа сайты іске қосылды, халықаралық идентификатор берілді.
«Академияның оң имиджін нығайту бағытында 2025 жылдың басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында ондаған мақала мен сұхбат жарияланып, тікелей эфирлер мен телесюжеттер ұйымдастырылды. Бұл шаралар қоғамның сенімі мен Академияның сот білімінің жетекші мекемесі ретінде танылуына ықпал етеді. Материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша іс-шаралар іске асырылуда: алғаш рет криминалистикалық полигон құрылды, компьютерлік парк жаңартылды, оқу процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе енгізілді, медициналық пункт жабдықталды», – деді спикер.
Осы аталған кешенді шаралар Академияны жаңғыртуда сапалы серпіліс жасап, оны сот жүйесіне жоғары білікті кадрлар даярлайтын заманауи орталық ретінде дамытуға берік негіз қалады. Барлық қабылданған жаңашылдық судьялар мен заң қауымдастығының оң бағасын алуда.