Оның айтуынша, кампания аясында әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер, мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерімен кездесулер, семинарлар, презентациялар мен медиаактивтілік шаралары өткізілді.
«Қабылдау науқанына алғаш рет Жоғары Сот Кеңесінің мүшелерінің, сондай-ақ судьялық және адвокаттық қоғамдастық пен ғылыми орта өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген комиссиялар қатысты, бұл рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан 29 шілдеге дейін eGov.kz порталы арқылы және тікелей қабылдау жолымен жүзеге асырылды. Нәтижесінде 605 өтініш тіркелді, конкурс 1 орынға 10 адамды құрады», – деді вице-ректор.
Магистратураға түсу емтихандары 7–15 тамыз аралығында өткізілді және үш кезеңнен тұрды:
- Кешенді тестілеу;
- Кейс шешу;
- Эссе жазу.
Нәтижесінде 98 адам магистратураға қабылданды, оның ішінде 60-ы – мемлекеттік грант негізінде. Бұл – магистратураға деген тұрақты қызығушылықтың және Академия жұмысының тиімділігінің көрсеткіші. Конкурстық іріктеу нәтижесінде бюджет орындары білікті үміткерлер арасында тиімді бөлініп, магистранттардың сапалы құрамы қалыптастырылды.