Қызылордада Дүниежүзілік тазалық күніне орай денсаулық және демалыс саябағында кең көлемді сенбілік өтті

Қызылордада Дүниежүзілік тазалық күніне орай денсаулық және демалыс саябағында кең көлемді сенбілік өтті

Бүгін Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қызылорда қаласындағы Денсаулық жәнедемалыс саябағында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға облыстық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлері, жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркейтілуіне өзүлестерін қосты.

Шара барысында саябақтың барлықаумағы қамтылып, қоқыс жиналды, ағаштардың түбі қопсытылып, жасыл желектер суарылды. Сенбілікке қатысушылар демалыс орындарындағы орындықтарды тазалап сынған ағаш бұтақтарын жинады. Сонымен қатар, жас көшеттер отырғызылып, гүлзарлар ретке келтірілді. Бұл жұмыстар саябақтың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы демалыс орнының қалыптасуына ықпалетті.

Жастар белсенділері сенбілік кезінде экологиялық мәдениетті насихаттап, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Олар қоршаған ортаның тазалығын сақтау әр азаматтың міндеті екенін, мұндай іс-шаралартек сенбілік күндері ғана емес, күнделікті әдетке айналуы керектігін атап өтті.

Шараға қатысушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер ұжымдық рухты көтеріп, адамдарды біріктіріп қана қоймай, экологиялық мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелейді. Сонымен қатар, қатысушылар бұл игі бастамажыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып, жаңа буынға үлгі боларына сенім білдірді.

Дүниежүзілік тазалық күні аясында өткен сенбілік қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, қаланың санитарлық жағдайын жақсарту бағытындағы тұрақты жұмыстың бірбөлігі саналады. Осындай іс-шаралар арқылы қоғамда экологиялық жауапкершілік күшейіп, туған өлкені қорғауға деген сүйіспеншілік арта түседі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жобаны жүзеге асыру басталды. 2029 жылға дейін өңірдің...

Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру – ел экономикасының маңызды басымдықтарының бірі. Қазіргі таңда көптеген аймақтарда өндірістің барлық сатысын қамтитын үздік...