Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңес Түркістан облысындағы кеден бекеттерінде қоғамдық мониторинг жүргізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Мониторинг аясында Қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.А. Құлекеев басшылығымен және оның мүшелері Ж.Д. Ертлесова, С.Х. Көшкімбаев, Б.А. Хамзина «Б. Конысбаев» кеден бекетінің жыңғыртудан кейінгі жұмысымен, сондай-ақ «Қазығұрт» кеден бекетін қайта құру бойынша құрылыс жұмыстарымен, шекарада мемлекеттік бақылаудан өту, оның ішінде кедендік бақылау мен тауарларды рәсімдеу ерекшеліктерімен жан-жақты танысты.
Бұл шара Мемлекет басшысының азаматтық қоғамның түрлі институттары арқылы азаматтық қадағалау тетіктерін күшейту үшін жағдай жасау жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.
Сонымен, кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Түркіменстанмен шекарадағы өткізу пункттерінде жүргізіліп жатқан толық ауқымды жаңғырту жұмыстары туралы хабардар болды.
2025 жылдың қаңтар – мамыр айларында төрт жаңғыртылған автомобиль өткізу пункттері іске қосылды: «Қапланбек», «Атамекен», «Көлжат» және «Алакөл».
Қалған жаңғыртылатын бес бақылау-өткізу пункті: «Қазығұрт», «Тәжен», «Темір баба», «Майқапшағай» және «Бақты» бекеттеріндегі жұмыстар нақты жабылмай жалғасуда.
Жаңғырту негізінен жаңа бекеттер салуды және заманауи талаптарға сай келмейтін ескі инфрақұрылымды бұзуды қамтиды.
Өткізу пункттерін жаңғыртудың артықшылығы шекарадан көліктердің өту кезіндегі бизнес процестерді автоматтандыру болып табылады.
Іс - шараның қорытындысында Қоғамдық кеңес өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын жеделдету және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп кеден бекеттері маңындағы шекаралық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынды.