Ұлттық жоба іс жүзінде: Түркістан облысының энергетика саласына 2029 жылға дейін 60 млрд теңге инвестиция тартылады

Ұлттық жоба іс жүзінде: Түркістан облысының энергетика саласына 2029 жылға дейін 60 млрд теңге инвестиция тартылады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жобаны жүзеге асыру басталды. 2029 жылға дейін өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға 60 миллиард теңгеден астам инвестиция салу жоспарланған. Қазіргі таңда аймақта жүзеге асып жатқан жобаларға тартылған инвестиция көлемі 6,9 миллиард теңгеден асып отыр, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Өңірде миллиондаған тұрғынның өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты бастамалар қолға алынуда. Нақтырақ айтқанда, жаңа электр желілері салынып, ескілері жаңғыртылуда, тозған жабдықтар ауыстырылып, заманауи технологиялар енгізілуде.

Басты оператор ретінде жобаны Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы мен оның еншілес ұйымы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ы жүзеге асыруда. Аталған компаниялар электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін, цифрлық сервистерді енгізіп, электр желілері мен трансформаторлық қосалқы стансаларды жаңартуда.

Басты жобалар қатарында – құны 3,8 млрд теңге болатын Түркістан қаласындағы «Орталық – Яссы» бағытындағы 110 кВ электр желісінің құрылысы бар. Жоба 2026 жылдың ақпан айында аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Ордабасы ауданында 110 кВ электр беру желісі қайта жаңғыртылып жатыр. Бұған қоса, ұзындығы 89,8 шақырым болатын 31 нысандағы төмен вольтты желілер жаңартылуда. Бұл жұмыстарға 1,5 млрд теңге инвестиция салынған. Сондай-ақ жаңа буындағы жоғары температураға төзімді өткізгіштер орнатылуда.

Сондай-ақ «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі 5,3 миллиард теңге көлеміндегі жеке инвестициялық бағдарламасын іске асыруда. Нәтижесінде 84 трансформаторлық қосалқы станса жаңартылып, 240 шақырымнан астам электр желісі салынды және қайта жаңғыртылды. Бүгінгі таңда Төрткүл ауылындағы қосалқы стансаны жаңарту және Шәуілдір мен Төрткүл ауылдары арасындағы 110 кВ электр желісі құрылысы жүргізілуде.

Аталған өзгерістер ҚР Энергетика министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауы нәтижесінде жүзеге асырылуда. Мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы стратегиялық серіктестік өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға жол ашуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Veolia компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Келіссөзге Қазақстан мен Францияның дипломатиялық...

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жобаны жүзеге асыру басталды. 2029 жылға дейін өңірдің...