Алматының Алатау ауданында заманауи «Алатау» теннис орталығының ресми ашылуы өтеді. Бұл шара Алматы қаласының күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Жоба – спортты дамыту мен салауатты өмірсалтын насихаттаудағы маңызды қадамдардың бірі. Жаңа орталық тек қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсартумен шектелмей, кәсіби теннисшілерді даярлау, халықаралық турнирлер өткізу және жастарды спортқа тарту үшін тың мүмкіндіктер ұсынады.
Заманауи инфрақұрылым
Жаңа теннис орталығы халықаралық стандарттарға сай салынған және ITF пен ATF деңгейіндегі республикалық әрі халықаралық турнирлерді қабылдай алады.
Орталық аумағындағы нысандар:
• Қатты жабындысы бар 4 жабық корт;
• Қатты жабындысы бар 4 ашық корт;
• Грунтты жабындысы бар 6 корт;
• Ашық алаңдарда 150 орындық және ғимарат ішінде 100 орындық трибуналар.
«Алатау» жаңа орталығының жалпы аумағы 5000 шаршы метрден асады. Орталық оңтүстік астананың халқы тығыз орналасқан Алатау ауданында орналасқан. Мұндағы инфрақұрылым заманауи талаптарға сайжасақталған және барлық жас санатындағы кәсіпқой спортшылар мен әуесқойларға арналған.
Орталық тек жарыстар өткізумен шектелмей, бұқаралық теннисті дамытуға бағытталған. Оқыту үдерісіне білікті жаттықтырушылар тартылып, кәсіби спортшыларды даярлауға және бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдай жасалған.
Табысы төмен отбасылардан шыққан балаларүшін тегін жаттығу топтары ұйымдастырылады – әрқайсысында кемінде 10 баладан екі топ құрылмақ. Сонымен қатар, көп балалы отбасылар мен зейнеткерлер үшін жеңілдікті шарттар қарастырылған. Орталық мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де толықтайбейімделген.
Жаңа орталық мына нысандарды қамтиды:
• Медициналық кабинет;
• Буфет;
• Заманауи TechnoGym жаттығу құралдарымен жабдықталған фитнес-зал;
• Конференц-зал.
Жаңа орталық күніне 400 спортшыны қабылдауға қабілетті. Аталған жоба ҚазақстанТеннис федерациясының қолдауымен жүзеге асырылды.
Құрылыс тарихы
Ауқымды жоба оңай жүзеге аспады. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған болатын, алайда бас мердігер ұйым нысанды уақытында тапсырмай, бұл жағдай сот істері мен айыппұл санкцияларына әкелді. Кейін жоба сатып алуқұқығынсыз «Теннис Академиясы» ЖШС-ніңсенімді басқаруына берілді. Компания құрылысты аяқтауды өз міндетіне алды. Барлық жұмыстар Қазақстан Теннис федерациясының қадағалауымен жүргізілді.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 1 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары «Элит Иншаат» ЖШС мердігер ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылды. Жер және техникалық құжаттарды рәсімдеуге байланысты мерзімнің кейінге шегерілгеніне қарамастан, нысан сәттіаяқталып, пайдалануға берілді.
Әлеуметтік миссия және болашақ жоспарлар
Сенімді басқару аясында «Теннис Академиясы» ЖШС мынадай әлеуметтік міндеттемелерді өз мойнына алды:
• Жыл сайын еліміздің жетекші теннисшілерінің қатысуымен шеберлік сабақтары мен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру;
• Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды тегін оқыту;
• Көп балалы отбасылар мен зейнеткерлерге әлеуметтік жеңілдіктер ұсыну;
• Жылына кемінде 400 оқушыны қабылдау.
Орталықтың ашылуы Алматының ғана емес, бүкіл елдің спорттық өмірінде елеулі оқиға саналады. Жаңа кешен спортшыларды дайындаудың сапасын жаңа деңгейге көтеріп, еліміздегі теннис инфрақұрылымын дамытуғ аүлкен үлес қосады.
Соңғы 18 жылда Қазақстан Теннис федерациясы тарапынан спортты дамытуға салынған жеке инвестициялар көлемі 150 миллион АҚШ долларынан асты. 2007 жылданбері 364 қатты және грунтты жабынды корттары бар 38 теннис орталығы салынды. «Алатау» – Федерацияның қаржылай қолдауымен бой көтерген 39-шы теннис орталығы.