Алматыда жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар өтті

Алматыда жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар өтті

Алматыда ҚР Қаржы министрлігі және «Атамекен» ҰКП бірлесіп жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған семинарды ұйымдастырды. Іс-шараға 800 астам адам жиналды – олардың қатарында іскер азаматтар, мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері бар, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап. 

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов жаңа Салық кодексінде қарастырылған салықтық әкімшілендіруді жеңілдету мен кәсіпкерлерге жайлы жағдайлар жасауға байланысты, оның ішінде салық есептілігін 30% азайтуға қатысты, сондай-ақ камералды тексерулерді алдын алу форматына ауыстыруға, шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тартуға, салық міндеттемелері бойынша кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдерін ұсыну, арнаулы салық режимдерінің санын үшке дейін азайту және т.б. артықшылықтарды қамтитын негізгі өзгерістерді жеткізді.

Кездесуде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен шағын бизнеске салық салу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ж. Нұржанов аталған тұлғаларға 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап икемді және түсінікті арнайы салық режімдері енгізілетінін айтты. Бұл бюрократиялық процедураларды қысқартып, кәсіпкерлердің қолын күрделі есептер мен тексерулерден босатып, кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді.

«Реформа неғұрлым ашық және түсінікті жүйені қалыптастырады, әкімшілік жүктемені азайтады және еліміздегі кәсіпкерлек сала мен экономиканы дамытуға ынталандырады», деді МКК төрағасының орынбасары.

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов жаңа нормаларды енгізу кезінде мемлекет пен бизнестің жүйелі өзара байланысының маңыздылығын атап өтті.

Семинарда сұрақ-жауап сессиясы да болып, жиналған азаматтар мен онлайн режім арқылы қатысып отырған жандар ақпарат парақшаларында орналастырылған QR-код көмегімен көкейдегі сұрақтарын қойды. Сонымен қатар сауалдарды еріктілер арқылы жазбаша түрде беру мүмкіндігі де қарастырылды. Бұл формат ашық диалогты қамтамасыз етіп, ең өзекті мәселелерді заң жобасының сарапшылары мен әзірлеушілерімен тікелей талқылауға мүмкіндік берді.

Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге бағытталған келесі семинар 2025 жылдың 24 қыркүйегінде Астана қаласында өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен білім беру саласының қызметкерлері жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өтті. Оқыту...

Денсаулық сақтау министрлігінде кеңес өтті, оның барысында Ұлытау облысының Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспары бекітілді, деп...