Білім беру саласының қызметкерлері жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өтті

Білім беру саласының қызметкерлері жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен білім беру саласының қызметкерлері жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өтті. Оқыту «Білім берудегі аймақтық көшбасшылық: инновациялар және әрекеттегі жасанды интеллект» кәсіби даму бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған бағдарлама 2025 жылдың ақпан айынан бастап іске асырылуда. Мақсаты — цифрлық трансформация және жасанды интеллект технологияларын енгізуде білім беру жүйесі басшыларының стратегиялық ойлауын, көшбасшылық және басқарушылық құзыреттіліктерін дамыту.

Бағдарлама тыңдаушылары ретінде Оқу-ағарту министрлігінің орталық аппаратының, өңірлік басқармалар мен білім бөлімдерінің 74 басшысы, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен мектеп, балабақша және колледж директорлары қатысты. Аталған бағыт білім беру жүйесінің негізгі сын-қатерлеріне бірыңғай көзқарас қалыптастыруға және практикалық басқарушылық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берді.

Бағдарлама тақырыптары көшбасшылық құзыреттіліктерді дамыту, стратегиялық жоспарлау, ТжКБ трансформациясы және білім беруге жасанды интеллектіні енгізу тәжірибелерін қамтыды. Сонымен қатар, педагогикалық хакатон өткізіліп, өңіраралық командалар білім беру сапасын арттыру және жасанды интеллектіні қолдану бойынша практикалық жобалар әзірледі.

Бағдарлама нәтижесінде практик-менеджерлердің қауымдастығы құрылып, өңірлік деңгейде іске асырылатын жобалар дайындалды, сондай-ақ оқыту мен басқаруда жасанды интеллектіні сауатты пайдалануға арналған әдістемелік материалдар топтамасы әзірленді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Арнайы операциялар күштерінің өкілдері Ақтауда жастар арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ...

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен білім беру саласының қызметкерлері жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өтті. Оқыту...

Денсаулық сақтау министрлігінде кеңес өтті, оның барысында Ұлытау облысының Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспары бекітілді, деп...