Дархан Асаділов – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

Дархан Асаділов – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

Токиода өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында каратэші Дархан Асаділов қола жүлдегер атанды. 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған жерлесіміз өз шеберлігін паш етіп, елімізді жарқын жеңісімен қуантты.

Дархан А тобында Түркия, Әзірбайжан, Жапония және Египет құрамасының өкілдерін жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда франциялық Стивен да Костамен кездесіп, ұпай санымен есе жіберді.

Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген еді. Дархан – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол ел қоржынына жетінші қола медальді салды.

Асаділовтің алдағы додаларда бұдан да жоғары жетістіктерге жететініне сеніміміз зор.

Сондай-ақ, Токио татамиінде жерлестеріміз Данияр Юлдашев пен Софья Берульцевадан да үміт күтеміз, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу...

Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында 2025 жылғы 16 тамызда өткен «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» іріктеудің үшінші кезеңінің...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт...