Бүгін Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы» КММ-не зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Мобильдік топ құрамында: Шымкент қаласы «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жандосова Баян Айтбековна және Шымкент қаласы мәслихат депутаты Танатарова Жадыра Нағашыбайқызы.
Орталық 4 бағытта қызмет көрсетеді. Олар:
- Тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына тап болған, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету;
- Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- Отбасыларды қолдау мақсатында психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңестер түріндегі кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру;
4.Террористік белсенділік аймақтарынан қайтып келген әйелдер мен кәмелетке толмағандарды дерадикаландыру және оңалту жөніндегі қызметті ұйымдастыру.
Негізгі мақсат – қиындыққа душар болған отбасыларға тығырықтан шығар жол көрсетіп, балаларға қауіпсіз жағдай жасау.
Қазіргі таңда қаламызда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болатын әйелдер саны да сейілер емес.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы» КММ-і тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған арулармен нағыз мамандар жұмыс жасайды.
Сонымен қатар тұрғылықты жерінен айырылған жандарға орталықтың арнайы баспанасы жұмыс жасайды. Ол жерде қиын жағдайға тап болған азаматтар 6 айға дейін тегін тұрақтай алады. Қазіргі таңда 70 орынға негізделген орталықта 7 ана мен 16 бала тұрып жатыр.
Алдағы уақытта зерделеу жұмыстары жалғасын табады, деп хабарлайды no-comment.kz.