Спорт саласының қызметкерлері марапатталды

Спорт саласының қызметкерлері марапатталды

Бүгін «Қазақстан Республикасының Спорт күні» қарсаңында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы мен Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен өңір спортының дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті.

Алдымен шараға қатысушылар Қадыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Карантин талаптарына сай өткен іс-шара барысында БҚО әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов Ақжайық өңірінің спортшыларын кәсіби мерекесімен құттықтап, спорт саласының дамуына зор үлес қосқан спорт мекемелерінің жетекшілері мен жаттықтырушыларына «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісін табыс етті. Атап айтқанда, «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Р.Меңдіғалиев, А.Бакманов, Қ.Рахметов, А.Утешев, Е.Жанғалиев, А.Үмбетқалиев, Е.Мұқанов марапатталды.

Өңір спортшыларын кәсіби мерекемен құттықтап сөз сөйлеген БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ж.Нығметуллин ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитеті мен салалық кәсіподақтың біріккен «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен» бірқатар азаматтарды марапаттады. Марапатталғандар арасында А.Ларионов, Ә.Гусманов, Т.Хасанғалиев, Е.Дүйсенов, С.Абешев, Д,Исмакова, М.Абдрахманов, Н.Манкаева бар. Сонымен бірге бірқатар азаматтарға салалық кәсіподақтар қызметкерлерінің Құрмет Грамоталары табысталды. Атап айтқанда, салалық кәсіподақтар қызметкерлерінің Құрмет Грамотасына Л.Бапахова, А.Ихсанов, Г.Өтегенова, А.Жұмашева, А.Сәрсенов, А.Баенова, А.Таменова, Ж.Айтмағанбетов, Н.Молдағалиева ие болды.

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша филиалының төрағасы А.Батырханов Ақжайық спортының өркендеуіне сүбелі үлес қосып жатқан бірқатар азаматтарға ризашылығын білдіріп, кәсіподақ атынан Алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Марапатталғандардың қатарында Т.Алтынбекұлы, Е.Айсағалиев, А.Бакманов, Е.Байбатыров, Е.Жанғалиев, Қ.Рахметов, Ә.Нұрмұханов, А.Утешев, А.Шайхиев, Қ.Жанғалиев, Е.Мұқанов бар.

Мәдени шара соңында Қадыр орталығының директоры Б.Халиолла спортшылар қауымын құттықтап, облысымыздың спорт саласын өркендетуге аянбай еңбек етіп келе жатқан БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Есендияров пен білікті бапкер Мәулет Қожахметовке орталық атынан Құттықтау хатын табыс етті.

Салтанатты іс-шарада орталық қызметкерлері А.Ислямов, М.Аюпов, А.Какимов ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды, деп хабарлайды no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...