Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жазғы кезеңдегі шомылу маусымының қауіпсіз өтуіне ерекше назар аударуда. Департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаевтың айтуынша, бұл бағытта практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешені атқарылып, бірінші кезекте су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылды.
Төтенше жағдайлар департаменті аудан әкімдіктерімен бірге 2021 жылы балаларды, оның ішінде тұрмыс жағдайы төмен жанұялардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша бассейндердің иелерімен 10 меморандум бекітті. Ағымдағы жылы 500 балаға жүзуді үйрету жоспарланса, қазіргі таңда 423 бала жүзуді үйренді.
Департамент өз құзыреті шеңберінде Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық ұланның №6506 әскери бөлімі, волонтерлік ұйымдарымен бірлесіп күн сайын, демалыс және мереке күндері қала аумағында орналасқан табиғи және жасанды су айдындарындағы демалыс орындарында қауіпсіздік шараларын өткізеді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 452 мың 135 теңге айыппұл салынған.
Шомылу кезінде өз күштерін жете бағаламау фактісі бойынша 2021 жылы 6 тамызда Еңбекші ауданының Маятас елдімекеніндегі Бадам өзенінде 1 оқиға тіркелді. Яғни, қала аумағында шомылу маусымы басталғалы бері бірінші оқиға тіркеліп отыр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.