Өткен жылу маусымында табиғи газдан улану жағдайы екі есеге төмендеген

Өткен жылу маусымында табиғи газдан улану жағдайы екі есеге төмендеген

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 61 өрт тіркелген болатын. Бұл көрсеткіш 2019-2020 жылғы маусымға қарағанда 41 %-ға артып отыр.

Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде табиғи газдан уланудың 5 оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қайтыс болған.

Өткен маусыммен салыстырғанда улану саны екі есеге (1,8 есе), қаза болғандар екі жарым есеге (2,75), жарақаттанғандар саны 33 % - ға төмендеген, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...