Шымкент: Қаратау ауданында мобильдік топ мониторинг жұмыстарын тұрақты жүргізуде

Шымкент: Қаратау ауданында мобильдік топ мониторинг жұмыстарын тұрақты жүргізуде

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаратау ауданы аумағында мобильді топ аудан аумағында күндіз және түнгі уақытта да рейдтік іс-шараларды атқаруда.

Кезекті мониторинг барысында ауданда көптеген кәсіпкерлік нысандары карантиндік талаптарды қатаң сақтай білсе, бірқатар нысандар шектеу шараларының талаптарын орындамай, сенбі-жексенбі күндері де жұмысын жүргізгені анықталды.

Жалпы анықталған кемшіліктерге аудандық мобильді топ тарапынан ескерту беріліп, нысан иелерінен түсініктеме алынды.

Барлық түсініктемелер арнайы шара көру мақсатында құзырлы мекемелерге жолданды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...

Премьер-министр Олжас Бектенов химия және металлургия салаларында жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруға бағытталған ірі өнеркәсіп...