Шымкент: Әл-Фараби ауданында тазалыққа шақыратын тақтайшалар орнатылды

Шымкент: Әл-Фараби ауданында тазалыққа шақыратын тақтайшалар орнатылды

Қала тұрғындарының табиғатты аялап, тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында қанатты сөздер жазылған арнайы тақтайшалар орнатылды. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, аудан әкімдігі мамандары және қала еріктілері бірлесе табиғатты қорғауға шақыратын тақтайшаларды саябақтар мен гүлзарларға, көпқабатты үй аулаларына орнатты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Басты мақсат - табиғат құндылықтарын сақтап, тұрғындарға қоршаған ортаға жанашырлық таныту керектігі туралы жақсы көзқарас қалыптастыру. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсетеді. Тазалықты әр азамат өзінен бастаса сүбелі нәтижеге қол жеткіземіз, - деді аудан әкімі аула тұрғындарына.

Аталған лозунгтар шымкенттіктердің өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді деген үміттеміз.

Қаланың бет-бейнесі - тазалықта. Шаhар тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, өз туған жерінің тазалығына үлес қосуға шақырамыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына...

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...