Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында әкімдердің ел алдындағы есеп беру жиындарының форматын өзгертуге тапсырма берген болатын. Енді әкімдер жылына екі рет халық алдында есеп береді. Осындай кездесу Түркістан қаласының тұрғындарымен болды. Мұнда рухани шахар жұрты өңір басшысына сауалдар жолдап , нақты жауап алды. Бұл туралы Ontustik TV арнасы хабарлады.
Түркістан облысының құрылғанына 3 жылдан асты. Осы уақытта өңіріміз дамудың даңғыл жолына түсіп келеді деп айтуға болады. жалпы өңірлік өнім 1 триллион 7000 млрд теңгеден 2 триллион 600 млрд теңгеге өсті. Облыс халқы 300 мың адамға артты.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Түркістан облысы құрылғалы бері инвестиция көлемі 2,3 есеге өсті. 660 млрд теңгені құрады қазір. Оның ішінде Түркістан арнайы экономикалық аймақ. 3000 га жерді алып жатқан аймақ. оның ішінде әкімшілік орталық та кіреді. Мәдени рухани орталық та кіреді. Индустриалды орталық та кіреді. Оның ішінде қазір 70-тен астам проект аяқталды. 310 млрд теңге инвестиция құйылды.
Былтыр облыс орталығында 332 млрд теңгеге құрылыс жүрді . Қазір 536 жоба іске асып жатыр. 4 жылда жалпы 2,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Қаланың алаңы 2 есеге өсті. Түркістанда халық саны 56 356 адамға өсіп, 221 102 адамды құрады. 4 жылда қалаға тартылған инвестиция көлемі 8 есеге артты.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Түркістан қаласында 4 жылда 337 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазір 113-і пайдалануға берілді. 15411 пәтер. Оны коэффицент семейностьқа көбейтсек 100 тұрғыны бар бір қала салынды деп айтуға болады.
Жиынға келген Түркістандықтар негізінен инфрақұрылым мәселесін дамытуды сұрады. Көпқабатты үйлерге газ тарту, абаттандыру мен көгалдандыру жайы басты әңгіме болды. Спортты дамыту жайы да назардан тыс қалмады.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Керемет көрікті стадион. Қасында мұз айдыны салынып жатыр. Шымкент қаласында мұз айдыны бұрынғы ғимаратты жаңғыртқан. Бұл заманауи мұз айдыны болады. Оның қасында есу каналы, гребной канал мұндай вообще жоқ бұл аймақта. Соның бірі 50 метрлік бассейн салынды. Бұрынғы Саттарханов спорт кешені. Оны бұрынғысын сүріп тастадық. Енді ол жерге заман талаптарына сай керемет спорт кешенін салатын боламыз.
Көпшілік әлеуметтік мәселелер жөнінде де сауалдар жолдады. соның бірі балаларды бос уақытта тегін үйірмелермен қамту.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сабақтан тыс уақытта балаларды қамту деңгейі шынымен төмен болып тұр. Жаңа 40 мың болса 4 мыңдай бала сондай үйірмелермен қамтылған. Биыл біз оған айрықша мән беріп 25 мың баланы қамтитындай госзаказ бюджетке ендірдік. Сол мәселені пайдаланып қаладағы тиісті органдар мұны күрт көбейту керек.
Бүгінде рухани ордамыз көрікті қалаға айналған. Қаланың негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланып, жаңадан халықаралық әуежай, әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталықтары салынды. Қалаға тәулігіне 10 мыңға жуық турист келген күндері де аз емес. Жаңа саябақтар салынып, 155 көше жарықтандырылдыХимия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, заманауи модульдік аурухана пайдалануға тапсырылды «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 315 жоба қаржыландырылды. «Керуен Сарай» кешенінде және «Эко Базар» алаңында кәсіпкерлер үшін 4%-бен несие беретін «Yassy Business» бағдарламасы іске қосылды. «Turkistan» арнайы экономикалық аймағында 10 жоба ашылып, 7 288 тұрақты жұмыс орны құрылды.