Ауыз су инфрақұрылымы 2023 жылы толық шешіледі

Ауыз су инфрақұрылымы 2023 жылы толық шешіледі

Бүгінде Шымкент қаласының сексен бір елді-мекеннің жетпіз сегізі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, үш елді мекен ауыз суды кестемен тұтынып келеді. Атап айтқанда Шымкент қаласына қарасты Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алаптары.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының ауыз су бағыты бойынша барлығы жеті нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысымен Шымкент қаласына қарасты Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас елді мекенінде құрылыс жұмыстары аяқталып, оң бір мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетеді.

Сондай-ақ, ауыз суды кестемен пайдаланатын Шымкент қаласына қарасты Сайрам және Қайнарбұлақ елді мекендерін ауыз сумен қамту құрылысы және ағымдағы жөндеу жұмыстары биыл басталып, 2023 жылы Шымкент қаласының тұрғындарына пайдалануға берілетін болады.

2023 жылы Шымкент қаласының тұрғындарын 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту көзделуде.

Қаламыздың ауыз су инфрақұрылымы 2023 жылы толық шешіледі деп хабарлайды құзырлы орган қызметкерлері.

Қаламыздың алдағы жылдары су мәлесі тиімді шешіледі. «Су тіршілік көзі» болғандықтан бұл мәселені тез әрі сапалы түрде жасаған жөн. Су мәселесі бойынша жасалып жатқан жұмыстар бойынша қала әкімі және құзырлы орган қызметкерлері бақылауды күшейтуде. Бұдан бөлек су мәлелері бойынша сұрақтар мен өтініштерде қаралып жатыр. Тұрғындардан су мәселесі бойынша түскен өтініштер тиісті мамандармен қаралып шешімін табуда. Осы жүргізіліп жатқан жұмыстардың салдарынан қала тұрғындары мен қонақтарына келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...