Көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін жанар-жағармай 30 маусымға дейін беріледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Биыл Шымкент қаласында көктемдегі дала жұмыстарына бөлінетін жанар-жағармай 30 маусымға дейін беріледі.
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Талғат Мекамбаевтың қатысуымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету туралы өткен брифингте мәлімдеді.
«2022 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінетін жанармайды таратушы операторларды айқындау бойынша өткізілген жиналыстың хаттамасына сәйкес, жанармайды таратушы операторлар анықталды.
Осы аталған операторлар Шымкент қаласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ы арасында келісім-шарт жасап, жанар-жағармайды операторларға арнайы вагондармен жеткізеді («Sapaly Munai» ЖШС, «АЗК Алмаз» ЖШС, «Иксан групп» ЖШС, «Шахат инвест»).
Спикердің сөзінше, қазіргі таңда, «Sapaly Munai» ЖШС, «АЗК Алмаз» ЖШС операторлары арқылы Шымкент қаласының көктемгі дала жұмыстарына шаруалардың өтінімдеріне сәйкес, жеңілдетілген бағамен литріне 189-теңге ден 290,5 тонна жанар-жағармай босатылды (көктемгі дала жұмысына -1000 тонна, күзгі дала жұмысына -1000 тонна жанар-жағармай).
Шымкентте 2022 жылы егіс көлемін 29,8 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.Оның ішінде дәнді дақылдар 12,9 мың га, майлы дақылдар 3,5 мың га, көкөніс пен бақша 3,4 мың га, картоп 0,5 мың га, мал азықтық дақылдар 9,5 мың га.. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 500 га, ал 2019 жылмен салыстырғанда 1900 гектарға артық.
Сонымен қатар, жанар-жағармай әр ай сайын операторлардан бөлінетіндіктен, арнайы график түзілген.