Шымкентте республикалық премьер лига жайдарман ойыны өтті

Шымкентте республикалық премьер лига жайдарман ойыны өтті

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығында «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Республикалық Премьер Лига» жайдарман ойыны өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласының ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілтеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Жайдарман ойынына республикамыздың түрлі облысы мен қалаларынан келген, жалынды жастардан құралған 21 команда, 167 жайдарманшылар бақ сынасты. Атап айтқанда, Нұр — Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Көкшетау, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысынан қатысты.

«Республикалық Премьер Лига» жайдарман ойынының 1/16 финалдық кездесуіне 15 командаға жолдама берілді.

Жайдарманның ең басты ерекшелігі — өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын аталмыш ойын тек шығармашыл жастардың орталығы.

Сонымен қатар, 16 -19 мамыр аралығында жайдарманшылар Шымкент қаласына саяхат маусымымен келген болатын. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың қолдауымен қаланың көрікті жерлерін аралап, жастар ресурстық орталығының алдында жайдарманшылар арасында үстел теннисінен турнир өткізілді. Саяхат маусымының соңғы күнінде @jake_tau туристік агенттігінің қолдауымен Біркөлік шатқалында жайдарманшылар демалып, ойынды керемет көңіл — күймен бастады. Әлеуметтік желілерде жас жайдарманшылар Шымкент қаласының қонақжайлылығы мен жайдарман ойындарының жоғары деңгейде өткені жайлы қызу талқылауда, деп хабарлайды no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...