Шымкентте 80 гүлзар ашылады

Шымкентте 80 гүлзар ашылады

Шымкент қаласында алдағы жылдары жалпы аумағы 70 гектарды құрайтын 80 гүлзар пайда болады.

Бұл туралы Шымкент қаласының жетінші шақырылған мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясында қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Молдабайұлы Ілиясов мәлімдеді.

—Шымкент қаласында алдағы жылдары жалпы аумағы 70 гектарды құрайтын 80 гүлзар пайда болады. Ол үшін қаланың бас жоспарына түзетулер енгізіліп, орындары анықталды. Сонымен қатар Шымкент-Сити шағын ауданында аумағы 40 гектарлық, Тұран шағын ауданында 37 гектарлық, ал, Сәуле шағын ауданында 2,5 гектарлық саябақ ашу үшін жобалық — сметалық құжаттар әзірленуде, — деді Ғалымжан Молдабайұлы Молдабайұлы.

Айта кетейік, сессияда мемлекеттік — жекешелік әріптестік жобаларының орындалуы, бағаны тұрақтандыру, инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар және қала аумағын көгалдандыру мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, бірқатар халық қалаулылары депутаттық сауал жолдады.

Сонымен қатар, сессия барысында Шымкент қаласының әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы, Экспорт жөніндегі өңірлік кеңеспен және «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамдары жаңартылды.

Жиын соңында Шымкент қаласының басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов мегаполистің дамуына елеулі үлес қосатын шешімдердің қабылдануына қолдау жасағандары үшін депутаттар корпусына алғыс білдіріп, бірлесіп қаланың өркендеу бағытында нәтижелі жұмыс атқарылатынына сенімді екенін жеткізді. Қаламыздың дамуына өз үлестерімізді қосайық және қаламызды таза ұстайық, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz. 

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...