Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне өзгерутер мен толықтырулар енгізілгендігі жөнінде сала мамандарының қатысуымен брифинг өтті, деп жазады Шымкент қаласының ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы бүгін Ақпартаттық — коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қалалық сотының судьясы Дінмұхаммед Әзіретқұлов және Шымкент қаласы Әл — Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Тулешовтің қатысуымен сот жүйесіндегі жаңашылдықтар мен жетістіктер және Конститутциялық сот тақырыбында өткен баспасөз брифингте айтылды.
– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Толығырақ айтқанда, азаматтың денесіне жеңіл түрде зақым келтіру, ұрып — соғу баптары алынып тасталды. Дегенімен кейбір қылымстық баптардың жазалары күшейтіліп жатыр.
Яғни мал ұрлау, масаң күйде көлік жол апатын жасаған деген баптар шықты. Ал терроризмді насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар, зорлау, ұрлық, тонау, алаяқтық, бұзақылық, үй — жайға заңсыз кіру қылмыстарына жаза аурлатылды, — деді Шымкент қалалық соттың судьясы Дінмұхаммед Анқабекұлы Әзіретқұлов.
Баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласы Әл - Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Тулешов соттың қарауына қазір түсіп жатқан қылмыстық істердің сексен пайызы электронды форматта қаралатынын және ешқандай қылмыстық іс қағаз жүзінде қаралмайтынын жеткізді.
Сонымен қатар соңғы жылдары соттың қарауына түсіп жатқан қылмыстық істердің саны азайып, ақтау үкімі көбейюде. Жаңа өзгертулер елімізде құзырлы органдардың еліміздің азаматтарынн қорғау мен заң бұзышулық фактілерінде тиісті орын алады деген үміттеміз. Сондай-ақ алдағы уақытта өтетін референдумда өз таңдауларырыңызды жасауға шақырамыз, деп хабарлайды no-comment.kz ақпараттық агенттігі.