Мәжіліс депутаты зиялы қауым өкілдерімен жүздесті

Мәжіліс депутаты зиялы қауым өкілдерімен жүздесті

Мәжіліс депутаты зиялы қауым өкілдерімен жүздесті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғали Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Депутат пен жергілікті зиялы қауым өкілдерінің жүздесуі «Әл-Фараби» кітапханасында өтті. Жиынға халық қалаулысымен бірге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шалатай Мырзахметов бастаған қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты.

Берік Әбдіғалиұлы алдымен жуырда Қазақстан қоғамында болатын саяси оқиға – жалпы халықтық референдумға тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тоқталды. Мәжіліс депутатының пікірінше, Ата заңымызға енгізілгелі тұрған өзгерістер ел дамуына оң әсер етеді. Бұған қоса қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – тіл, оның ішінде қазақ тілінің дамуы туралы сөз қозғалды.

– Ана тіліміз – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің дамуы қазір барлығымызды дерлік ойландырып жүргені рас. Мәселе тілде емес, өзімізде деп едім. Алдымен туған тілімізге деген қарым-қатынасымызды реттеп, сапалы деңгейге көтеруіміз керек. Әр азаматтың бойынша тілге деген құрмет сақталуы тиіс. Тіл, алдымен, өзімізге керек. Сонда ғана ана тіліміздің дамуы жаңа деңгейге көтерілер еді, – деді Мәжіліс депутаты.

Айта кетейік, Берік Әбдіғали 2021 жылдың қараша айында Түркістан қаласында өткен құрылтайда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланған еді.

Бүгінгі басқосуда жергілікті тіл жанашырлары да сөз алып, қазақ тілінің дамуы туралы ойларын айтты, өзара пікір алмасты. Сөз соңында қазақ тілін қолданушылар артқанын айтты. Елімізде қазақ тілін басқа ұлт өкілдерінің қолдануының көбейгені және де сол қолданушылардың көпшілігі Шымкент қаласына тиесілі екендігі аталып өтті.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...