«Жастар практикасы» тәжирибе алаңы

«Жастар практикасы» тәжирибе алаңы

«Жастар практикасы» тәжирибе алаңы, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Шымкентте қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінетіндер саны көп. Солардың бірі - Ерлан Ескермес. Ол Еуразия ұлттық университетінде «Механика-математика» мамандығын аяқтап, қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркелген. Нәтижесінде «Жастар практикасы» бағдарламасымен қаладағы Әл-Фараби атындағы академиялық мектепке жұмысқа жолдама алған.

- Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған «Жастар практикасы» жұмыссыз жастар үшін зор мүмкіндік. Менде бұл бағдарламаға қатысып, мектепке жолдама алдым. Өзімді жақсы қырымнан көрсетіп, жұмысымды тиянақты атқарсам, тұрақты жұмыскер ретінде орнығуым мүмкін, - дейді Ерлан Ескермес.

Айта кетейік, биылғы жылы «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 12 айға ұзарып, айлық жалақысы 91 899 теңгеге өскен. Одан басқа Шымкентте қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінетін азаматтарға түрлі салаларда жұмыс қарастырлып жатыр. Шымкентте қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп жұмыс тапқан адамдар бір талай. Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына күнделікті жұмыссыз жастар тіркеліп, оларға мамандығы бойынша лайықты жұмыс орындары табылуда. Егер сіз жас жұмыссыз маман болсаныз Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына келіп тіркелуінізге болады, деп хабарлайды no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Мекен-жайы: Шымкент қ., Бәйтереков к-сі, 89

Телефоны:+7 (725) 239 51 31

Instagram парақшасы:https://www.instagram.com/zhumispen.kamtu/

Электрондық пошта:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Азаматтарға арналған байланыс деректері

Телефоны:+7 (725) 239 51 31

Жұмыс берушілерге арналған байланыс деректері

Телефоны:+7 (725) 239 51 31

Әлеуметтік көмек көрсету бойынша байланыс деректері

Телефоны:+7 (725) 239 51 31

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...