Биылғы жылы Шымкент қаласының аумағында 1000 бейнебақылау камералары орнатылады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы Шымкент қаласының аумағында 3177 бейнебақылау камералары орнатылды.
Шымкент қаласының аумағындағы 3177 бейнебақылау камералардың ішінде:
877 қаланың көше қиылыстарына;
800 желілік учаскелерге;
1500 жалпы бейнебақылау камералары.
Шымкент қаласының тұрғындарының қауіпсіздікті одан-әрі дамыту үшін 2022 жылы қосымша 1000 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда.
Ортаылатын 1000 бейнебақылау камераларының ішінде:
800 қоғамдық қауіпсіздікті;
200 жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін. Қазіргі таңда қаламызда көлік санының артуына байланысты бұл көрсеткіштер алдағы уақытта әлде қайда артады.
Сонымен қатар, бейнебақылау камераларымен қамту көрсеткіші «Цирфландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы 1500 бейнебақылау камераларын, 2024 жылы 1500 бейнебақылау камераларын, ал, 2025 жылы Шымкент қаласы бойынша жалпы 2500 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Алдағы жылдары жоспар бойынша қала аумағында бейнебақылау камералары жоспар бойынша орнатылып отырады.
Жалпы қаламыздағы бейнебақылау камералары жылдан жылға артып келеді. Артуымен бірге бейнекамералардың жұмыс тиімділігі баршамызға аян. Шымкент қаласының қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауда бейнекамералардың алатын орны бөлек. Тіпті ішкі істер органдарының осы бейнебақылау камералары арқылы ашылып жатқан қылмыстардың біршамасы осы камераларды тиімді пайдалу арқылы деп айтсақта болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.