Отан қорғаушылар күні Әл-Фараби алаңында аталып өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Шымкент қаласының Әл-Фараби алаңында «Айбынды жауынгер» атты 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Мерекеге орай жауынгерлер Қазақстан Республикасының отыз Мемлекеттік Туын алаңнан шерулетіп алып өтеді.
«7 мамыр — біздің Отан қорғаушыларымыздың төл мерекесі. Бұл мереке батырлық пен батылдықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің мерекесі. Бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн» деп атап өтті іс-шараны ұйымдастырушылар .
Алаңға Қазақстан қарулы күштерінің тарихы мен 30 жылдығына арналған танымдық фотокөрме ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтары Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншілері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.Сондай-ақ әншілермен бірге халықаралық және республикалық би байқауларының лауреаты «Қазына» би-ансамблі өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен бірге, Алматы қаласынан келген «Nomads» және «360 градус» жергілікті қазақ каскадерлер тобының өнері көпшілікті тәнті етті.
Мерекелік концертті механикаландырылған бригаданың барлау ротасының сарбаздары көрсеткен әскери дайындық қимылдары мен жекпе-жек өнері түйіндеді.
Осылайша Отан қорғаушыларға арналған мерекелік концерт жиналған жұртқа ұмытылмас сезімдер сыйлады.
Арамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері жылдан жылға азайып келеді. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен бөлек Тыл ардагерлерінде ұмытпауларыңызды сұраймыз. Қала тұрғындарын арамыздағы батыр ата апаларымызды құрметтеуге шақырамыз.
Сонымен қатар мереке қарсаңында мәслихат шешіміне сай тыл ардагерлеріне 12 АЕК немесе 41 400 теңгеден төленеді. Қалада бүгінде 3 ҰОС ардагері және 2183 тыл ардагері, 87 279 зейнеткер тұрады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 2019 жылы өткізген «World Population Prospects» мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы 11 адамның 1-і 65 жастан асқан адам болса, 2050 жылға қарай әлемдегі 6 адамның 1-і осы жас мөлшерінен асады екен. Әлемнің әр түкпіріндегі қоғамдар осы ұзақ өмір сүрудің эволюциясынан өтіп жатыр. Кейбіреуі оның алғашқы сатысында болса, екіншісі әлдеқайда асып кеткен. Батыс зерттеушілерінің айтуы бойынша, олардың барлығы осы деңгейге жетеді.
Бұл күн – елдің қауіпсіздігі мен оны қорғауды, сондай-ақ тәуелсіздікке қауіп төнген сәтте кез келген сыртқы агрессиядан қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскери қызметшілер мен тыл қызметкерлеріне арналған. Осыған орай, ел тұрғындары барлық ер-азаматтарды осы атаулы күнмен құттықтайды.
Қаламыздағы бірқатар білім, мәдени ошақтарда ерлік пен батырлық дәріптелген салтанатты жиындар жалғасуда.
Айта кетсек, Қорғаныс министрлігі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс күніне орай әскери шерудің өтпейтінін хабарлаған еді. Оған себеп – бюджет қаражатын үнемдеу. Дегенмен, ведомстводан аталған мейрамға орай, әскери-патриоттық іс-шаралардың жоспарланғаны мәлім етілді.