Қала тұрғындарының назарына!

Қала тұрғындарының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына (бұдан әрі- Заң), Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне және «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындарынды, ғимараттарды және құрылыс салуды ұйымдастыру» 1.03-00-2011 Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Сізге келесі талаптарды сақтай отырып, іс-шараларды жүргізу қажеттілігі туралы хабарлайды:
1. Тапсырыс беруші құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды орындауы қажет:
- объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алу.
- құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу. (Сәулет-жоспарлау тапсырмасы).
- эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу
- жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу.
- мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаушылармен келісім-шарт жасау.
- мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау.
*Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68 бабының 12 тармағы және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 46 бабы талаптарына сәйкес, тапсырысшы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаны мемлекеттік ақпараттық жүйесі elicense.kz порталы арқылы хабарланады.
*Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-1 бабының 5 тармағы 6 тармақшасына сәйкес, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға ай сайынғы негізде e-Qurylys.kz порталы арқылы объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы есептерді ұсынады.
- салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
2.Құрылыс объектілерінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылады:
-техникалық қадағалауды тапсырысшы объектiлер құрылысына сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырады.
-құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
- мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына ай сайынғы негізде объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы есепті ұсынады.
- мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл жөнінде тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне хабарлауға міндетті.
3.Құрылыс алаңы барлық периметрі бойынша тұтас қоршаумен, бөгде адамдардың кіруіне жол бермейтіндей етіп қоршалады:
- адамдар өтетін тротуарға немесе жүру бөлігіне қарай қоршаудың жоғарғы жағын қорғаныс күнқағарымен жабдықтау қажет;
- қоршаулар, арнайы техникалар мен құрылысшылардың еркін қозғалуына арналған қақпалар қатты материалдан (метал, ағаш, және т.б.) жасалған панельдерден немесе қоршауға арналған темірбетонды панельдерден дайындау қажет
- қоршау конструкциялары қатаң бекітіліп, көлденең және тік бағытта түзу болуы керек, сырлау, сыртқы беті таза болуы үшін: кірден тазартылған, жуылған, саңылаулары және зақымдалған жерлері, бөгде хабарландырулар мен жазулар болмауы керек;
- құрылыс алаңына кіре берісте объектінің, құрылыс салушының (тапсырысшы), жұмысты орындаушының (мердігер, бас мердігер), авторлық және техникалық қадағалаушылардың мекемесі, аты, тегі, лауазымы және телефон нөмірі, жұмыстың басталуы мен аяқталуы, объект схемасы жазылған тақтайша, 5 метр қашықтықта оқылуы және қол жетімді орналасуы керек.
4.Алаңішілік жолдар мен кіреберіс жолдарды құрылыс алаңдарына жайластыру, төсеніш салу және асфальтталған қалалық жолдарға жанасуын қамтамасыз ету қажет:
- шыға берісте көлік құралдарының дөңгелектерін тазалау, жуу пункттерімен жабдықталады;
- сонымен қатар қоқыс жинау бункерлерін орналастыру керек.
- құрылыс алаңына іргелес аумақты да тиісті жағдайларда тазалап отыру қажет.
5.Басқарма жыл сайынғы жалпы қалалық сенбіліктерге белсенді қатысуды сұрайды.
6.Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жерлердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн ретке келтiруге шаралар қолданбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің талаптарына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қаралғанын ескертеді.
7.Сондай-ақ, құрылыс процесінде және қайта жаңартуда ҚР ҚН
1.03-00-2011 «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар салуды ұйымдастыру» нормалары талаптарының сақталуына тұрақты бақылау жүргізуді сұрайды.
8.Сонымен бірге, басқарма Сізді «Халықаралық еңбек ұйымы» Конвенциясының 8 бабына сәйкес, бас мердігер ұлттық заңнама мен ережелерге сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына қатысты ұйғарылған шараларды үйлестіруге жауапты екендігі туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты Сізден құрылыс алаңдарын сәйкестендіруді, сондай-ақ бар-жоғын тексеруді сұраймыз:
- уақытша қорғаныс қоршаулары (қабаттарда);
- аулағыштардың болуы (ғимараттың периметрі бойынша);
- қызметкерлердің ЖҚҚ болуы (жеке қорғаныс құралдары).
Заңнама талаптарын орындамаған жағдайда, Басқармамен Заңда көзделген шараларды қабылдау қаралған.
9.Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау қағидалары талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамаларында жауапкершіліктер көзделген.
Сұрақтар туындаған жағдайда орындаушымен байланысуды сұраймын (Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Н.Назарбаев даңғылы №10, 9 қабат, 905 каб. тел. 8 (7252) 24-75-05).

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...