Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

Пәтер сатып аларда, көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Шымкент қаласының әкімдігі өз қаражатыңызға сақ болуды ескертеді. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды кеңес етпейді.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы мәлімет Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының сайтына орналастырылғанын хабарлаймыз.

Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берілген құрылыс компаниялары мен құрылыс нысандарының тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Сондай-ақ биыл Шымкент қаласында 1 605 баспананы сатып алу құқығынсыз, жалға беру жоспарланған. Оның ішінде 857 пәтер жұмыс істейтін жастарға табысталады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында 2021 жылы 300 жас жалдамалы баспанамен қамтылған. 2020 жылы аталған бағдарлама бойынша – 904 азаматқа пәтер кілті табысталды.

Тұрғын үй-коммуаналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз берілген пәтерлер 5 жылдық мерзімге пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...