М. Әйтеновтің Еңбекші ауданы «Қаратөбе» аумағының Базарқақпа, Абдулабад, Бадам-1, Тұрдыабад, Шаңырақ тұрғындарымен кездесуі барысында Онғар Кенжеев, "Сүзік Ата" көшесіне фреза тастарын салып беруді сұраған болатын.
Хаттамалық тапсырмаға сәйкес, Еңбекші ауданы әкімдігі мен жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасы тарапынан өтініш орындалды.
Сонымен қатар, Шағын ауданның көшелерінде пайда болған ойық-шұңқыр кемшіліктер ретке келтіріліп, қалыңдығы 10 см құрайтын асфальт төселді. Айта кетейік, Шымкент қаласында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы қалада жалпы ұзындығы 189,7 шақырым жол пайдалануға берілді. Биыл 182 жобаның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Соның ішінде 20 жобада қайта құру, 3 күрделі жөндеу және 159 көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сонымен бірге, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселіп, 178 жаңа аялдама орнатылады. Ал, Әл-Фараби ауданы бойынша 2021 жылы ауқымды жоба жүзеге асты. Өткен жылдың қорытындысымен Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы айналма жол салынып, пайдалануға берілді. 2022 жылдың жоспарына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы айналма жолдың құрылысы атқарылуда. Одан өзге, биыл аудандағы ішкі орамдық 3 көшеге асфальт төселеді. Олар: Ақжайық шағын ауданы, Ақжирен көшесі, Самал-2 шағын ауданы, Жабай ата көшесі және Жандосов өткелі. 2023 жылы Айқап-Түркістан шағын ауданы Беткей көшесі, Ақжайық шағын ауданы, Шағатай, Балтамыр, Тоқпан көшелері, Самал-1 шағын ауданы, Тайманов, Мейірбеков көшелерін асфальттауға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді. 2024 жылы Ақжайық шағын ауданы, Сәйгүлік, Самғау, Майлыкент, Тайқоңыр көшелері және Самал-2 шағын ауданы, Ермекбаев, Шәкіров, Сейітов көшелеріне асфальт төселеді. Жоғарыда аталған көшелерде асфальт төсеу жұмысы жүзеге асырылса, аудандағы сапалы жолдардың көрсеткіші 100%-ға жетеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.