Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһардың әр секторындағы кездесуі барысында тұрғындардың мәселелері бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына және сектордың меңгерушілеріне тапсырмалар жүктеді.
Бірлік секторындағы кездесу барысында 58 тапсырма берілді. Оның 14-і орындалып, 12-і орындалу үстінде. Қалған 32 тапсырма бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Берілген тапсырмалардың көрсеткіштеріне сәйкес, №6 автобус қатынасы бағыты жұмысын бастады. Наурызым көшесіне асфальт төселіп, көше жарықшамдарымен қамтамасыз етілді. Жол қауіпсіздігі ережелі бойынша белгілер қойылды.
Ы. Дүйсебаев көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, тұрғын үй кезегі мәселесі бойынша келген азаматтарға заңға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.