Кентауда 50-ге жуық көше жөндеуден өтеді

Кентауда 50-ге жуық көше жөндеуден өтеді
Кентау қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл наурыз-сәуір айларында қаланың орталық 19 көшесіндегі 34,6 шақырым жолға шұңқырларды жамау, жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылындағы 10 көшеге орташа жөндеуге 87,2 млн.теңге республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекеме анықталып, келісім шарт құру жұмыстары жүргізілуде.
Субвенция есебінен қаланың 7 көшесіндегі жалпы 3 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
2022 жылға мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында мердігер мекеме «VIP Story Company» ЖШС-і 12,7 шақырымды құрайтын 29 көшені орташа жөндеуден өткізуі жоспарланып, жұмыстар атқарылуда.
Аталмыш мердігер мекеме тарапынан 2023 жылға жоспарланған 11,6 шақырымды құрайтын 19 көшені 2022 жылы өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу межеленген. Жалпы, Кентауда жыл соңына дейін қала көшелерінің басым бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, асфальт төсеу жұмыстары іске асырылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...