Созақтық түлектер мұқтаж отбасыға баспана тарту етті

Созақтық түлектер мұқтаж отбасыға баспана тарту етті
Созақ ауылының мектеп бітіруші түлектері жыл сайын мұқтаж отбасыға баспана сыйлайды. Бұл дәстүрдің бастау алғанына бірнеше жылдың көлемі болды. Осы уақытқа дейін 5 үй берілді. Ұрпақтар сабақтастығын жоғалтпаған Созақ ауылының «Созақ» мектеп- гимназиясының бітіргеніне 20 жыл болған түлектер биыл да жалғыз басты, екі ұл, бір қыз тәрбилеп отырған мүмкіндігі шектеулі, жалғыз басты анаға баспана берді. Құрылыс жұмыстарын өздері жүргізіп, зәулім, заманауи үй салды. Жаңа үйдің қабырғасын дүниемен толтырып, жалғыз басты ана Салтанат Ахметоваға салтанатты түрде табыс етті.
Тұрғын үйді тарту рәсіміне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков түлектерге алғысын жеткізді.
-Созақ ауылы қашанда пейлі кең, берекелі ауыл. Мұнда түлектердің үй сыйлауы дәстүрге айналып келеді. Бүгін осындай үлкен жүректі азаматтардың арқасында бір отбасы баспаналы болды. Барлығына ризашылығымды білдіремін,- деді аудан басшысы. Аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет
Байғараев жылы лебізін жеткізді.
Игі істің басында жүрген «Созақ» мектеп- гимназиясын бітіргеніне 20 жыл болған түлек Әскербек Талғатұлы: - Бойымызды мақтаныш сезімі ұялап тұр. Үй салып, мұқтаж жанға беру сауапты іс. Осы жолда ұйымшылдық танытқан барша сыныптастарымызға ризашылығымды білдіремін,- дейді.
Жаңа үйде жанға жайдық бәрі бар. Кең 5 бөлмелі үйде, жылу жүйесі қосылған. Қосалқы шаруашылыққа арналған 20 соттық жері бар. Үй егесі, қуанышын жасыра алмай, игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...