Кентау қаласында «City Bike» автоматтандырылған, қаланың экологиялық жағдайына пайдасын тигізер әлеуметтік жоба іске қосылды. Қаланың екі бөлігіне орналасқан велосипедтерді тұрғындар белгіленген шарттары арқылы қолдана алады. Әзірге велосипедтер Ынтымақ алаңы мен Ясауи даңғылы бойына қойылды.
Велошеринг қызметін пайдалану үшін қажет картаның ақысы бір айға — 500 теңге. Алынған бір карточканы Кентау, Түркістан және Шымкент қалаларында пайдалануға мүмкіндік бар. Екі дөңгелекті көлікті жалға беру жүйесі 24/7 режимінде қолжетімді.
Велосипедті 30 минутқа дейін тегін пайдалануға болады. Осы уақыттан асқаннан кейін жол жүру құны жалға алу уақытына қарай төлем бөлігін есепке ала отырып есептеледі:
– 0-ден 30 минутқа дейін – абонемент құнына қосылған;
– 31-ден 60 минутқа дейін – 100 теңге;
- 61-ден 120 минутқа дейін – 250 теңге;
- 121-ден 180 минутқа дейін – 500 теңге;
- 181 минуттан бастап және әрбір келесі сағат – 1 000 теңге.
Қалалық тасымалдау жүйесінің бір бөлшегі болар жүйені қолданарда ескеретін жайт — әр велосипед GPS қондырғысымен жабдықталған, әр тұрақта бейнекамера қойылған, бұл велосипедтің бөлшектері өзгесіне орнатыла алмайды. Бұған қоса мүлікке зиян келтірілген немесе ұрланған жағдайда (GPS арқылы тез арада анықталады) заң жүзінде шара көрілетін болады. Алдағы аптадан бастап абонент алу жұмысы жүргізіледі. Халық игілігі үшін жасалынған әрбір іске ұқыптылықпен қарап, жауапкершілікті ала отырып дұрыс қолдану сұралады. Тұрғындардың қолдануына қарай екі дөңгелекті көліктің санын арттыру жоспарланған.