2022 жылдың 24 мамыры күні аудан көлемінде ұйымдастырылған «Мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің» қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз.
Түлкібас ауданында 24.05.2022 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Түлкібас аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының instagram, facebook парақшаларында өтетін жәрмеңке туралы хабарландыру жарияланған. Жәрмеңке 2022 жылдың 24 мамыры күні сағат 11:00-де Аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының ауласында өтті. Жәрмеңкеде 15 жұмыс беруші мекемелерден 29 бос жұмыс орындары мәліметі ұсынылды.
Жалпы жәрмеңкеге 24 адам, оның ішінде 5 мүгедектігі бар азаматтар қатысты. Нәтижесінде 24.05.2022 жылы 6 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды. Жұмыс іздеп жүрген азаматтарға «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес заңдылықтары, «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталы арқылы бос жұмыс орындарын іздеу мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар жиырма тоғызға дейінгі жастар мен жалпы жұмыссыз азаматтарға «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары мен қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту курстарына қатысу тәртібі түсіндіріліп, бағдарламаға қатысуға шақырылды.
Барлық сұрақтар бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына төмендегі мекенжай немесе телефондар арқылы хабарласа аласыздар:
Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 318үй; 8 (725 38) 52 864, 8 (725 38) 52 724