Сәуле шағын ауданы (276 орам) тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде құрылыс жұмысының 87 пайызы аяқталды.
Мердігер мекеме «Ақсемсер-стройсервис» тарапынан 918 электр бағанасы орнатылып, 72 шақырым электр желілері тартылды. Құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.
Бекітілген жоспар бойынша, құрылыс жұмысы аяғымдағы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туады.
Бүгінгі күнге дейін жекеменшік желіден электр қуатын тұтынып келген шағынаудан тұрғындарының мәселесі биыл шешімін табады.
Электр қуатымен қамту жұмыстары 2019 жылы, ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылы аяқталған. 2021 жылы газ жүйелерінің құрылысы толық орындалды. 2022 жылы наурыз-сәуір айларында АГРС №3 газ тарату станциясы іске қосылған соң абоненттерге қосу жұмыстары жүргізіледі.
2021 жылы 8 көшеге (3,4 шақырым) тас төселді. 2022 жылы Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы, Қарағанды және №1 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары қолға алынбақ.
276 орамда инженерлік жүйелермен қамту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Елді мекенге ауыз су толық жеткізілген. Электр қуатымен қамтуда «Ақсемсерстройсервис» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстарының 65 пайызы орындалды. 2022 жылдың қараша айында толық аяқтау жоспарлануда.
Үшінші мегаполисте қазіргі таңда, электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы қалада «Бозарық» 220 КВ мен «1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.