Шымкенттік мергендер әлем кубогының жүлдегерлері, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Қазір Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем кубогы өтуде. Жарысқа әлемнің 65 елінен 800-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Қазақстан құрамасынан қатысып жатқан жарыста шымкенттік мергендер
3 медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, Елизавета Король, Елизавета Безрукова «50m rifle 3positions» жаттығуында оқ атудан әйелдер құрамасы күміс медаль алды.
Сабақтас «trap/mix» жаттығуында стенд атудан Мария Дмитриенко/ Виктор хасянов қола медальға ие болды, екі спортшы да Шымкент қаласының өкілдері болып табылады.
Әйелдер арасындағы «skeet» командалық жаттығуының ақтық сынында Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды. Команданың құрамында шымкенттік мергендер: Зоя Кравченко, Рината Насырова.
Қазақстанның құрамасында 40 мықты спортшы ел намысын қорғауда.
Бакудегі Әлем кубогы спортшылар үшін өте маңызды, себебі ол рейтингтік, рейтингті арттыру арқылы спортшылар Олимпиада ойындарына қатысуға квота алады.
Сондай-ақ, айта кетерлік кеше өткен жалпыхалықтық референдумда спортшыларымыз өз дауыстарын беріп үлгерген. Атқыштар Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша референдумда өз дауыстарын берді.
«Сәтті финалдан кейін, дауыс беру пункті жабылғанға дейінгі соңғы минуттарда біз келіп, өз дауысымызды бере алдық. Олар біздің еліміз үшін осындай маңызды сәтті жіберіп алмады және дауыс берді»,- деді стенд ату жаттықтырушысы Андрей Фролов.
Спортшылар финалдағы тартыстан кейін дауыс беруге келді.
Естеріңізге сала кетейік,2022 жылдың 27 мамыры мен 8 маусымы аралығында Баку қаласында (Әзірбайжан) BAKU SHOOTING CENTER атыс кешенінде нысана көздеу және Стенд ату спортынан Қазақстан құрама командасы әлемнің рейтингтік кубогына қатысуда.Спортшылармызға аулдағы уақыттарда өтетін басқада әлемдік турнирлердің алдыңғы қатарларында көрінуіне тілектеспіз.