Шымкентте «Қала күніне» орай қазақша күрестен «Шымкент барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Белдесуде 90 келіден астам салмақ дәрежесінде 26 балуан күш сынасты.
Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» республикалық турниріне жолдама жеңіп алған спортшыларымыз анықталды.
Жүлделі 1-орын алған Мұзаппаров Ерсұлтан және де 2-орынға ие болған Темірхан Нұрсат «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алды, спортшыларымыз қала намысын қорғайтын болады.
Қазақ күресі Федерациясы тарапынан Мұзаппаров Ерсұлтанға автокөлік сыйлық берілді, Темірхан Нұрсат спортшымызға қаржылай 350 000 тенге, 3-орын иегері Қожагелді Нұрсұлтанға қаржылай 150 000 тенге сыйлық табысталды.
Жарысқа Әлем және Азия Чемпионатының жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберіне үміткерлер қатысып жатыр.
Айтулы спорт додасын Бахадыр Нарымбетов бастаған қала мәслихатының депутаттары, Майра Мұхамедқызы, Мұхтархан Ділдәбеков тамашалауда.
Айта кетейік, мегаполис тұрғындары «Қала күні» мерекесін 2019 жылдан бастап 19 маусым күні тойлап келеді.
Қазіргі таңда қаланың 4 спорт мектебінде қазақ күресімен 466 спортшы кәсіби түрде шұғылдануда. Бүгінгі «Шымкент барысында» 1-2 орын алған балуандар шілде айында ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық жарысында Шымкенттің намысын қорғауға жолдама алады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Алдыңғы «Шымкент барысы - 2021» турнирінің жеңімпаздарының қатарында Л.Тажиева атындағы №4 спорт мектебі мен №10 ОРБЖСМспортшылары да бар. Биылғы жарыста Ерсұлтан Мұзаппаров жеңімпаз деп танылып, «Шымкент барысы» атанды. Ал Нұрсұлтан Қожагелді екінші, Әл-Фараби Бекұлы үшінші орынды иеленді.
«Шымкент барысында» турнирін қолдауға қаламыздың жас жеткіншектеріде келіп балуандарымызға қолдау білдірді. Турнирдің мақсаттарының бірі жастарымызды спортқа баулу.