ҚР РӘМІЗДЕРІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

ҚР РӘМІЗДЕРІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Өткен аптада 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Түркістанда Қазақстанның өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі – мемлекеттік нышандарды ұлықтаған салтанатты шара өтті. ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Жиында Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік нышаны — мемлекеттік рәміздер» шығармашылық байқауы қорытындыланды. Аталған байқауға 22 қатысушы құжаттарын тапсырды. Байқау үш бөлімнен тұрады. Әділқазылар алқасының шешімімен «Рәміздер – мемлекет дамуының ажырамас бөлігі» мақалалар номинациясы бойынша 1 орынды Сабырбек Олжабай иеленді. 2-орынды Үмітбек Бағдатұлы, 3- орынды Әбдісаттар Әліп алды. Ынталандыру сыйлығын Сағыныш Асанова, Серік Гүлжан, Қуандық Балдырған иеленді.
Ал «Тәуелсіздік символы — рәміздер» тақырыбында бейнеролик әзірлеу бойынша 1-орынды ақын Дәурен Айманбет еншілесе, Дархан Балғынбек пен Әлия Ибрагимова екінші-үшінші орындарды жеңіп алды. Ынталандыру сыйлығына Мариям Абдуллаева, Ердәулет Сағындық, Фариза Табылдиева ие болды. Аталған байқауға 22 қатысушы құжат тапсырған болатын.
Сәкен Қалқаманов байқау жеңімпаздарын марапаттап, мемлекеттік рәміздердің ел үшін маңыздылығын атап өтті.
— Рәміздер тарихы алғашқы қоғамда тотемге табынудан бастап, кейін түркілер дәуіріндегі көк бөріге табыну, Орта ғасырдағы хандықтар мен патшалықтардың елтаңбалары мен жалаулары және теңгелеріндегі айшықты белгілерімен сабақтасады.
Мемлекеттік рәміздер — мәдениетіміз, тарихымыз бен менталитетіміздің көркем туындысы. Біз осы қазақ халқының қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілерді қастерлеуіміз керек. Тәуелсіздігіміз баянды болсын, — деді ол.
Атап өтейік, мамыр айының соңында ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Созақ ауданындағы Арпаөзен бойындағы таңбалы тастарға тарихшы ғалымдар мен археологтардан құралған экспедиция шыққан болатын. Экспедиция сапарының қорытындысымен Рәміздер алаңында Арпаөзен петроглифтерінің суреттерінен фотокөрме де өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...