Балаларды қорғау күні мерекесі күнінде Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты барлық медициналық мекемелерде балаларға ашық есік күні мен мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Түркістан облысының педиатр, онколог, кардиохирург, кардиолог, сурдолог, хирург, уролог, нейрохирург, травматолог- ортопед, ЛОР дәрігері, эндокринолог, нефролог, невролог, сурдолог, офтальмолог, гастроэнтеролог, аллерголог психолог және логопед мамандары балаларға қабылдау жүргізіп, кеңес берді.
Жалпы облыс бойынша 2 мыңға жуық бала қаралды. Мерекелік іс-шара барысында концерттік бағдарламалар жүргізіліп, сыйлықтар берілді.