Ардагерлер кеңесінің референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды

Ардагерлер кеңесінің референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің алқа мәжілісі өтті. Ардагерлер кеңесінің мүшелері, қалалық қоғамдық штаб өкілдері және медиаторлар тобы қатысқан жиында референдумды қоғамдық қолдау мәселелері талқыланып, бірқатар шешімдер қабылданды.

Іс-шарада қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән — маңызын түсіндіріп берді.

– Референдумның мақсаты – жаңа қоғам, Жаңа Қазақстан құру. Алдағы референдум республиканың әрбір азаматына еліміздің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға қатысуға тікелей мүмкіндік береді. Конституциялық өзгерістер мен толықтырулар елдің саяси жүйесін қазіргі заман талабына сай түбегейлі өзгертеді. Сондықтан, баршаңызды қоғамдық — саяси мәні зор іс-шарада белсенділік танытуға шақырамын, – деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев.

Референдумды қалалық қоғамдық қолдау штабының төрағасы Еркін Сатқанбаев штабтың атқарған жұмыстарының нәтижелерін баяндап, алдағы жұмыс жоспарларынан хабардар етті.

Жиын соңында Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің Референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды. Президент бастамасын жалпыхалықтық референдум шеңберінде талқылауды іске асыру жөніндегі Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің іс — шаралар жоспары түзілді. Әр аудан бойынша үгіт — насихат тобының мүшелері бекітілді.

Сондай-ақ, қалалық ардагерлер Кеңесі төралқасының үндеуі қабылданды. Жаңа конституциялық өзгертулерге қатысуға шақырамыз! Болашағымызды жаңа реформалармен бастауға шақырамыз! Жаңа заң жаңа реформалар кезеңі.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...