5 маусымда өтетін халықтық референдумның өткізілу барысы туралы 12 мыңға жуық тұрғынға түсіндірілді

5 маусымда өтетін халықтық референдумның өткізілу барысы туралы 12 мыңға жуық тұрғынға түсіндірілді

Шымкент қаласында 5 маусымда өтетін халықтық референдумның өткізілу барысы туралы 12 мыңға жуық тұрғынға түсіндірілді, деп хабарлайды Шымкент қаласының ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штаб мүшелері Бауыржан Әлтеев пен Нүргүл Қобланованың қатысуымен қалалық штабының атқарған жұмыстары мен аралық есебі бойынша өткен брифингте айтылды.

«Құрылған қоғамдық штаб — үш топқа бөлінді. Осы ретте штабтың жастар, жұмысшылар және жалпы қала тұрғындарымен кездесетін арнайы кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес, 11 мамыр мен 4 маусым аралығында 160 нүктелі кездесу ұйымдастырылып, ата заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінге дейін 36 мекемеде жалпы 12 мыңға жуық тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халық референдумнан үлкен өзгерістер күтуде» — деді Бауыржан Ілімшеұлы.

Спикердің айтуынша, қоғамдық штабтың құрамында үкіметтік емес ұйым өкілдері, ғалымдар, блогерлер мен журналистер, жастар, ардагерлер қауымдастығы және этномәдени орталықтардың жетекшілері де бар.

Ал, Қоғамдық штабтың әлеуметтік желілердегі парақшалары қазіргі таңда белсенді жұмыс істеп тұр.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай бүгінде ел аумағында алдағы конституциялық реформаны өткізудің маңыздылығын түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Баршаларыңызды конституциялық реформаларға өзгеріс еңгізуге шаұырамыз. Еліміздің болашағына жаңа таңдаулармен!

 

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...